Қоғам

26 қазанда Қазақстанда үсік, тұман және қатты жел күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Дүйсенбі, 26 қазанда еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар жауады, солтүстікте көктайғақ қаупі бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Республика бойынша тұман түседі. Батыс және оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, бірқатар облыстарда жел күшейеді.

Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында, Түркістан облысының жекелеген аудандарында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында ауа температурасы −2…−11 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде −1…−3 °C, күндіз +6…+8 °C. Жел 2–7 м/с.

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде −2…−4 °C, күндіз +8…+10 °C. Жел 3–8 м/с.

Жолға шығарда ауа райын ескеріп, сақ болыңыздар. Күн райына сай киініңіздер!

Көп оқылғандар