Қоғам

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы: батыста жауын-шашын, солтүстікте көктайғақ

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Оңтүстіктің кейбір аудандарында да жаңбыр жауады. Солтүстікте көктайғақ пен тұман тіркелуі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -6…-8°C, күндіз +2…+4°C болады.

Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 3-8 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +5…+7°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +14…+16°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +5…+7°C.

Ақтөбеде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Жел 3-8 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз 0…+2°C.

Атырауда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.

Қарағандыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 3-8 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз 0…+2°C.

Көкшетауда жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, бірақ жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +1…+3°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз +6…+8°C.

Павлодарда жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде -7…-9°C, күндіз 0…+2°C.

Петропавлда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.

Семейде жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде -6…-8°C, күндіз +1…+3°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде -7…-9°C, күндіз +6…+8°C.

Таразда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +13…+15°C.

Түркістанда бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.

Оралда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде 0…-2°C, күндіз 0…+2°C.

Өскеменде жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз +2…+4°C.

Көп оқылғандар