Сурет: istockphoto.com
10–12 қараша аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жекелеген өңірлерде қатты жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман және желдің күшеюі де күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің дерегінше, жауын-шашын тек елдің батысында 11–12 қарашада болмайды. Республиканың қалған аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
Күндіз батыста ауа температурасы +3…+12 градус, солтүстік-батыста 0…+8 градус аралығында болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде −3…+5 градус шамасында сақталады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз +2…+10 градус жылы болады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді.
Еске салайық, 9 қарашада синоптиктер Қазақстанның 17 облысы мен Астанада ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.
Мазмұнға өту
