Categories Қаржы

1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда 1 шілдеден бастап көтерме газ бағасы орта есеппен 33 пайызға өседі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шешім жылыту маусымынан кейінгі газ инфрақұрылымын жаңарту қажеттілігіне байланысты қабылданған.

Өзгеріс тек көтерме бағаларға қатысты болып отыр. Бұл бағытта орташа өсім 33 пайызды құрайды, өңірлер бойынша нақты бөлінісі бар. Бұл саланы инвестициялық тұрғыдан тартымды етуіміз керек, деді ол.

Вице-министр газ бағасын көтеру инфляциялық және экономикалық факторлармен де байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар министрлік өкілі көтерме бағаның өсуі тарифтердің бірден қымбаттауына әкелмейтінін айтты.

Тұрғындар үшін қандай да бір күрт өсім күтілмейді. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-премьері Серік Жұманғарин елде жылу мен су тарифтерінің өсуінен кейін газ және теміржол тасымалы бағалары да қымбаттайтынын хабарлаған еді.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық банк терминдерді біріздендіріп, құжаттардағы «теңге» жазылуын өзгертеді

Ұлттық банк валюталық реттеу, сыртқы сектор статистикасы және бухгалтерлік есеп салаларына қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге…

Volkswagen 50 мың жұмысшыны қысқарту жоспарын жүзеге асыруда

Volkswagen компаниясы 50 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарын жүзеге асыруда. Директор Оливер Блюме компания жағдайы…

Шетелдік компанияның зауыты ашылады

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Valmont Industries» компаниясының вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцманмен кездесіп, Қазақстанда суару машиналарын құрастыру…