Сурет: Egemen Qazaqstan
Жыл басынан бері алтынның әлемдік бағасы 27 пайыздан астам төмендеп, инвесторлардың басымдықтарының өзгеруіне байланысты қорғаныс активі ретіндегі тартымдылығын жоғалтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың айтуынша, алтын құнына АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қатаң ақша-несие саясаты қысым жасап отыр. Нарық енді 28-29 шілдеде өтетін федералдық резерв жүйесінің отырысының қорытындысын күтуде. Осы жиында реттеушінің жаңа төрағасы Кевин Уорштың алдағы саясатына қатысты ұстанымы белгілі болады.
Сондай-ақ АҚШ қазынашылық облигацияларының нақты кірістілігінің артуы, мұнай бағасының жоғары болуы және алтын ETF қорларынан қаражаттың кетуі бағалы металдың арзандауына әсер еткен негізгі факторлар ретінде аталады.
Дегенмен сарапшылар алтын бағасының күрт құлдырауы екіталай деп есептейді. Бұған әлемнің орталық банктері тарапынан алтынға сұраныстың жоғары болуы ықпал етеді. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 24 шілдедегі мәліметіне сәйкес, елімізде бір грамм алтынның индикативтік бағасы 61 224,70 теңгені құрайды.
Мазмұнға өту
