Categories Спорт

Жүзуден Қазақстан құрамасы АҚШ-та төрт медаль жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тың Фуллертон қаласында өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың басты қаһарманы Айбат Мырзамұратов болды. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.33 нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Сондай-ақ спортшы 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02 секунд) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құраманың қоржынына тағы екі жүлдені Даниил Чужинов пен Артур Миронов салды. Даниил Чужинов 200 метрге кешенді жүзуде 2:09.20 нәтижесімен екінші орын алса, Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1:03.76 уақыт көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан құрамасы Мажарстаннан 1:3 есебімен жеңілді

Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Мажарстан командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

Головкиннің World Boxing басшысы болуы – үлкен жетістік, дейді министр

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Геннадий Головкинді Қазақстанның бренді деп атады.

Астанадағы «Болашақ ойындарына» 900-ге жуық спортшы қатысады

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Үкімет…