Спорт

Жібек Құлымбетова Азия ойындарында қола жүлде үшін белдеседі

Сурет: ҰОК

Жібек Құлымбетова Азия ойындарында қола жүлде үшін белдеседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Джиу-джитсу шебері жартылай финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Алаонод Әлхарбиге 0:7 есебімен есе жіберді.

Құлымбетова жарысты 1/8 финалдан бастап, алғашқы белдесуде Филиппин спортшысы Жолирин Коны шабуылдағы белсенділігі бойынша жеңді. Ширек финалда ол Таиланд өкілі Мию Сузукиден 50:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 3 дзюдошысы жартылай финалға шықты.

Көп оқылғандар