Спорт

Жібек Құламбаева жұптық сында Румыниядағы турнирді сәтті бастады

Сурет: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жібек армениялық Алина Чараевамен бірге алғашқы айналымда турнирдің төртінші ракеткалары, ресейлік Мария Козырева мен Елена Приданкинадан басым түсті. Бірінші партияда қазақстандық-армениялық жұп 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте ресейліктер 6:4 есебімен есе қайтарды. Супер тай-брейкте Құламбаева мен Чараева 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 45 минутқа созылған матчта қазақстандық-армениялық дуэт 13 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Ресейлік жұп 5 брейк-пойнттың үшеуін ұтып алды.

Жартылай финалға шығу үшін Құламбаева мен Чараева ресейлік Алевтина Ибрагимова мен испаниялық Георгина Гарсия-Перестен өтуі керек.

Бүгін Алина Чараева жекелей сында қазақстандық Юлия Путинцевадан ұтылды. Ал Жібек Құламбаева жекелей сында іріктеу кезеңінен өте алмады.

Көп оқылғандар