Қоғам

ЖИ университетіне қалай түсуге болады: 2025 жылы ашылатын жаңа оқу орны туралы толық ақпарат

Астанада биыл Жасанды интеллект университеті ашылады. Жаңа оқу орны ЭКСПО қалашығында орналасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Университетке жоғары сынып оқушылары мен бакалавриат түлектері түсе алады. Негізгі талаптар: математика, физика және информатика пәндерінен жоғары балл, сондай-ақ ағылшын тілін меңгеру.

«Біз талантты жастарды іріктеп, оларға әлемдік деңгейде білім беруді жоспарлап отырмыз. Оқу бағдарламасына жасанды интеллект, робототехника және деректерді талдау кіреді», — деді университет өкілі.

Оқу мерзімі — 4 жыл. Студенттерге шәкіртақы мен жатақхана қарастырылған. Құжаттарды қабылдау наурыз айында басталады.

Көп оқылғандар