Сурет: полиция
Жезқазған қаласында учаскелік полиция инспекторы қызметтік аумағын аралау кезінде балалар ойын-сауық залының маңында пиротехникалық бұйымдардың қолданылғанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру нәтижесінде отшашуды осы мекеменің әкімшісі ұйымдастырғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша әкімші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзгелердің тыныштығын құрметтеуге шақырады.
Бұған дейін Талдықорғанда отшашу атқан жас жігіт жауапқа тартылғаны, сондай-ақ Астанада түнде отшашу ұйымдастырған тұрғынның 5 тәулікке қамалғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
