Сурет: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
АҚШ-тың Юджин қаласында жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионаттың алғашқы күні сырықпен секіруден Анна Черкашина сынға түсті. Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ол іріктеу кезеңінде 4,10 метр нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Бұл көрсеткіш 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстанның жаңа рекорды болып тіркелді.
Іріктеу қорытындысы бойынша, шешуші кезеңге 13 үздік спортшы өтті. Анна Черкашина финалда 8 тамызда сынға түседі. Қазақстан құрамасы әлемдік додаға 11 спортшымен қатысуда. Чемпионат 9 тамызға дейін жалғасады.
Биылғы бәсекеге 197 елден 2500-ге жуық атлет қатысуда. Сондай-ақ, Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен еді.
Мазмұнға өту
