Сурет: ТСМ
23-25 тамыз аралығында Ташкентте жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы III Ашық Орталық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бәсекеде ел намысын 45 атлет қорғайды: 24 ер және 21 әйел. Олар биіктікке секіру, үш қарғып секіру және қысқа қашықтыққа жүгіру сынды сайыстарға қатысады.
Ерлер арасында 100 метрге Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Руслан Құрманалиев, Виталий Земс; 200 метрге Руслан Құрманалиев, Георгий Глаголев, Виталий Земс, Алан Иванов; 400 метрге Михаил Литвин, Алан Иванов, Георгий Глаголев; 800 метрге Никита Изотов, Александр Бектасов; 110 метр кедергілермен Евгений Прокудин, Давид Ефремов; 400 метр кедергілермен Қанағат Манаш; 3000 метр стипль-чезге Заңғар Алғожаұлы; ұзындыққа Әлинұр Бақыталы, Даниил Момот, Асан Азаматұлы, Ромео Петров; үш қарғыпқа Зелимхан Насыров, Глеб Гладилов; ядро лақтыруға Бексұлтан Елікбаев, Иван Иванов, Вадим Пессоцкий; найзаға Алексей Хлыстов, Артур Гафнер; 4×100 эстафетаға Алмат Төлебаев, Виталий Земс, Давид Ефремов, Богдан Чернобай, Руслан Құрманалиев тіркелді.
Әйелдер арасында 100 метрге Дарья Гридасова, Виктория Ан, Маргарита Назаренко; 200 метрге Виктория Ан, Милана Зубарева; 1500 және 5000 метрге Ақбілек Құралбай; 100 метр кедергілермен Антонина Чернышова, Юлия Башманова; 400 метр кедергілермен Екатерина Колода, Анастасия Колода; 3000 метр стипль-чезге Ұлданай Әбілхан, Анастасия Михайлова, Ақбілек Құралбай; биіктікке Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая, Алина Чистякова; ұзындыққа Алина Чистякова, Анастасия Рыпакова, Варвара Дмитриева, Полина Кузубова; үш қарғыпқа Мария Ефремова, Варвара Дмитриева; дискке Томирис Ерматова; балғаға Анастасия Калошина; найзаға Томирис Ерматова, Ұлболсын Есіркеп, Алина Чистякова; 4×400 эстафетаға Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Алина Чистякова, Милана Зубарева, Екатерина Колода, Анастасия Колода; 4×100 эстафетаға Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Алина Чистякова, Милана Зубарева қатысады.
Мазмұнға өту
