Америкалық 22 жастағы блогер әлеуметтік желідегі жазылушыларымен бірігіп, банкротқа ұшыраған Spirit Airlines әуе компаниясын сатып алу үшін қаражат жинау науқанын бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің айтуынша, ол және оның мыңдаған оқырманы 132 миллион доллар жинап үлгерген. Бұл сома әуе компаниясын сатып алуға жеткілікті ме, әзірге белгісіз, бірақ науқан әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Біз бірігіп, үлкен іс тындыра аламыз. Spirit Airlines — халықтың әуе компаниясы, сондықтан оны халық сатып алуы керек, — деді блогер.
Spirit Airlines бұған дейін қаржылық қиындықтарға байланысты банкроттық туралы өтініш берген еді. Егер блогердің жоспары сәтті болса, бұл әуе компаниясын сатып алудың ерекше тәсілі ретінде тарихта қалады.

