Спорт

Жас теннисшілеріміз Польшадағы халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Сурет: ТСМ

Польшаның Зелена-Гура қаласында үстел теннисінен 15-ші халықаралық турнир өтті. Бәсекеге Аустрия, Германия, Нидерланд, Қазақстан, Литва, Польша және Украинадан 270 спортшы қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы жарыста сәтті өнер көрсетіп, U13 жас санатында екі алтын медаль иеленді.

Жекелей сында Шымкент қаласының жас спортшысы Заңғар Әбдімәжіт үздік атанып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал командалық бәсекенің финалында Заңғар Әбдімәжіт пен Нұржан Бақдәулет жұбы Польша құрамасынан 3:1 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Осылайша, отандық жас теннисшілер халықаралық додада екі мәрте чемпион атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салды.

Көп оқылғандар