Categories Спорт Қоғам

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін табысты болды. Жас музыканттар, балет әртістері, хореографтар мен хор ұжымдарының мүшелері республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде өнер көрсетіп, ұлттық өнер мектебінің мерейін үстем етті.

Жыл басынан бері түрлі шығармашылық байқауларға 1548 білім алушы қатысып, олардың 1231-і жүлдегер атанды.

Бұл жетістік – жас өнерпаздардың табанды ізденісі мен ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі. Олар классикалық музыка, балет, заманауи хореография, хор, фортепиано және сахна өнерінің өзге де бағыттарында бақ сынап, кәсіби шеберлігін паш етті.

Жас дарындар Пермь қаласында өткен Екатерина Максимова атындағы XIX «Арабеск-2026» ашық балет әртістері байқауы, Астанада ұйымдастырылған Халықаралық жас хореографтардың фестиваль-байқауы, А.Исакова атындағы XII халықаралық пианистер байқауы, Санкт-Петербургте өткен XI халықаралық балалар мен жасөспірімдер хор чемпионаты, Мәскеуде ұйымдастырылған XII халықаралық «Dance Moscow» жас хореография орындаушылары байқауы және Eurasia Piano Forum алаңында үздіктер қатарынан көрінді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…