Сурет: Видеодан алынған кадр
Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылаған. Кратерден күл бағаны шамамен 1 000 метр биіктікке көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Anadolu агенттігінің мәліметінше, жанартау Кагосима префектурасында, Кагосима қаласынан шамамен сегіз шақырым жерде, Кинко шығанағының қарсы жағалауында орналасқан.
Жапонияның жанартау күлін бақылау жөніндегі консультативтік орталығы 2026 жылғы 21 қарашада Сакурадзимада жарылыс сипатындағы атқылау болғанын тіркеді.
Бұған дейін Камчаткадағы Ключевский жанартауы қайта оянып, одан шыққан күл-тозаң 7,2 шақырымға дейін биікке көтеріліп, желдің әсерінен 57 шақырымға дейін таралған еді.
Мазмұнға өту
