Сурет: ашық дереккөз
Өткен түні Жаңаөзен қаласының Мерей шағынауданында жеңіл көлік өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін көлікке орнатылған газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар жүргізушілерге газ жабдығы орнатылған көліктерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. ТЖМ газ баллоны мен жүйенің жарамдылығын үнемі тексеріп тұруды, ал техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек мамандандырылған сервистерде жүргізуді ұсынады.
Газ иісі сезілген жағдайда көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, автомобильден шығып, қауіпсіз қашықтыққа алыстау қажет. Газдың ағуы немесе өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу керек.
