Сурет: sports.kz
Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жектерге дайындығын көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы жаттығу үдерісінен бейнежазба жариялап, болашақтағы басты мақсаты – үш түрлі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану екенін айтты.
«Жаттығу қарқынды жалғасып жатыр! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауы мен халықтың бізге артқан сенімі жеңіске деген жігерімізді одан әрі күшейтеді. Бір ғана емес, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атану үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Қазір Әлімханұлы допинг-сынамасынан мельдоний табылуына байланысты бір жылдық дисквалификация мерзімін өтіп жатыр. Оның шаршы алаңға қайта оралуы биылғы желтоқсан айына жоспарланған.

