Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Нью-Йоркте дайындықты бастады

Сурет: Getty Images

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне дайындықты Нью-Йоркте өткізеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Бұйыртса, дайындықты Нью-Йоркте жасаймыз! Әзірге джетлаг. Осы жақтың уақытына үйреніп жатырмыз. Жаттығу залдарын аралап, қолайлысын таңдап қойдық. Жыл басында жекпе-жек!», деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Әлімханұлы келесі кездесуін 2027 жылғы 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өткізеді. Ол WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос әлем чемпионы атағы үшін жергілікті боксшы Якоб Банкпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Forum Horsens аренасында өтеді.

Бұл Әлімханұлының жаңа салмақтағы алғашқы кездесуі болмақ. Кәсіпқой бокста ол осы уақытқа дейін 17 жеңіске жеткен, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.

Көп оқылғандар