Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина спортшысы Надия Соколовсканы 9:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жартылай финалда Қытай өкілі Зелу Лимен белдеседі. Кездесу сағат 16:30-да басталады.
Бұған дейін Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимованың қола медаль үшін күресетіні хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
