Сурет: istockphoto.com
10 күн ішінде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын ескі ережемен пайдалануға үлгеруі керек. 5 маусымнан бастап жаңа қағидалар күшіне енеді.
, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігі зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізді. Енді жинақтарды мерзімінен бұрын алу шарттары қатаңдайды. Мамандардың айтуынша, бұл халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
«Жаңа ережелер бойынша, зейнетақы жинақтарын тек белгілі бір мақсаттарға ғана жұмсауға рұқсат етіледі. Мысалы, тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін», – деді Қаржы министрлігінің өкілі.
Өзгерістер 5 маусымнан бастап қолданысқа енеді. Осы күнге дейін азаматтар ескі тәртіппен жинақтарын қолдана алады. Мамандар уақытты босқа өткізбеуге кеңес береді.

