Спорт

Зарина Толыбай U19 әлем чемпионы атанды

Сурет: ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымы өткізген U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай финалда Ресейлік Самира Итониевамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол U19 әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Заринаның финалға дейінгі жолы: 1/4 финалда Френцис Таафакиді (Тувалу) 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді, ал 1/2 финалда Мирей Догруды (Түркия) 5:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, отандасымыз шілде айында Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Бұған дейін Алина Құдайгенова мен Бибарыс Әшірбай күміс медаль иеленсе, Еркетаң Жарқынбек қолаға қол жеткізген.

Көп оқылғандар