Саясат

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Әділетті қоғам құрудың басты шарттарының бірі – заңның үстемдігі. Конституция мемлекеттегі барлық құқықтық нормалардың негізін қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепілі болып табылады.

Заң талаптарының баршаға бірдей болуы қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты нығайтады. Әр азамат өз құқығының қорғалатынын білгенде ғана мемлекет институттарына деген сенім артып, қоғамдық жауапкершілік қалыптасады.

Заң үстемдігі – тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ол әр адамның күнделікті өмірінен көрініс табуы тиіс. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу, міндеттерді адал орындау – заңға құрметтің нақты көріністері.

Қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениеті неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік тұрақтылық та соғұрлым нығая түседі. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру, әсіресе жастар арасында заңды құрметтеу құндылығын қалыптастыру маңызды.

Конституция – заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық тірек. Ал оны құрметтеу және оның қағидаттарын сақтау – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Көп оқылғандар