Categories Шартарап

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады

Сурет: Коллаж: Kazinform/ Nano Banana

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазақтың домбыра күй өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізілген.

ЮНЕСКО мәдениет жөніндегі директорының орынбасары Наиф әл-Файездің сөзінше, бұл ерекше музыкалық дәстүр халықты өзінің тарихымен, болмысымен және бір-бірімен байланыстырады.

— ЮНЕСКО Қазақстандағы домбыраға деген ерекше құрметті жоғары бағалайды және бұл баға жетпес мұраны келер ұрпаққа жеткізу мен сақтау бағытындағы күш-жігерді қолдайды, — деді ол.

Осылайша, домбыра тек музыкалық аспап қана емес, қазақ халқының мәдени болмысы мен рухани бірлігін айқындайтын маңызды мұра ретінде атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

Шымкенттегі Mega Planet орталығында домбырашылар шеруі өтті

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған домбырашылар шеруі Mega Planet ойын-сауық орталығында жалғасты.

Мексика жанкүйерлері Англия футболшыларына түні бойы ұйқы бермеді

Мексикалық жанкүйерлер Мехикодағы қонақүйде орналасқан Англия құрамасының тыныштығын бұзды. Олар түні бойы отшашу атып, оркестрмен…

Бельгияда домбыра үні әуеледі

Бельгиядағы қазақ диаспора өкілдері мен шетелдіктерден құралған DOMBRAssadors ансамблі Брюссельде тігілген киіз үйдің жанында қазақ…