Сурет: ашық дереккөз
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында теннис жарыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасындағы жекелей сында Юлия Путинцева жартылай финалда Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Осылайша Юлия Путинцева Қазақстан тарихында Азия ойындарының әйелдер арасындағы жекелей сынында жүлде алған алғашқы теннисші атанды.
Айта кетейік, Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында боксшы Наталья Богданова қола жүлдені жеңіп алды.
