Спорт

Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарындағы алтын медалінен айырылды

Сурет: Аслан Қаженов

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалінен айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың жаңартылған хаттамасында 42,195 шақырымдық қашықтықта спортшының нәтижесі дисквалификацияланғаны көрсетілген. Бұған спортшы пайдаланған аяқ киім үлгісінің талаптарға сәйкес келмеуі себеп болған.

Жаңартылған рейтингке сәйкес жарыста екінші болып келген Қытай спортшысы Данцзин Цюйцзун алтын медаль иегері атанды. Оның отандасы Ли Ма күміс жүлдеге көтерілді. Жапониялық Юкика Умено қола медаль алды.

Осылайша Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы алтын медаль саны бір жүлдеге кеміді. Ясмина Тоқсанбаева ел қоржынына 9-алтын медальді салған болатын. Осыдан соң семсерлесуден ерлер құрамасы 10-шы алтын медальді жеңіп алған еді.

Көп оқылғандар