Спорт

Уимблдон: Анна Данилина камбэк жасап, үшінші айналымға өтті

Сурет: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда украиналықтар Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаяға қарсы ойнады.

Бірінші партияда украиналық жұп 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде қазақстандық-сербиялық жұп 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші, шешуші сетте олар қарсыластарына 6:0 есебімен мүмкіндік бермеді.

Бір сағат 47 минутқа созылған матчта Анна мен Александра 1 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Украиналық дуэт 1 эйс және 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина мен Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.

Көп оқылғандар