Қаржы

Wildberries қоймаларын Қазақстанға көшіру мәселесі: министрлік жауап берді

Сурет: secrets.tbank.ru

Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігіне Wildberries компаниясынан Қазақстан аумағында қосымша қойма қуаттарын орналастыру туралы ресми өтініш түскен жоқ. Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар ұлттық мүдделер мен заңнама талаптарына сәйкес қаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік халықаралық компаниялардың жобалары елдің ұлттық мүдделеріне сай, өзара тиімді негізде жүзеге асырылуы керек екенін атап өтті. Мұндай жобалар отандық кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашып, экономикаға инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етуі тиіс. Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары, сондықтан министрлік заманауи қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған инвестициялық жобаларды қолдайды.

Тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері Қазақстан заңнамасымен және Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларымен реттеледі. Нарықтың жекелеген қатысушылары үшін ерекше жағдайлар немесе арнайы талаптар көзделмеген.

Көп оқылғандар