Шартарап

WhatsApp туған күндерді еске салатын жаңа функцияны әзірлеп жатыр

Сурет: Egemen Qazaqstan

WhatsApp пайдаланушылары енді достары мен туыстарының туған күндерін ұмытпайтын болады. Мессенджерде байланыстағы адамдардың туған күндері туралы автоматты түрде еске салатын жаңа функция әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

WABetaInfo мәліметінше, қосымшада жақындап келе жатқан туған күндер жинақталатын арнайы бөлім пайда болады. Пайдаланушыларға күндерді қолмен енгізудің қажеті болмайды – WhatsApp смартфонның байланыс кітабында сақталған мәліметтерді пайдаланады. Контакті иесінің туған күні келгенде, қосымша тиісті хабарлама жібереді. Егер телефон кітапшасында туған күні көрсетілмесе, еске салу да жіберілмейді.

Қазіргі уақытта мұндай хабарламаларды өшіруге арналған жеке баптау қарастырылмаған. Белгілі бір адам туралы еске салуды тоқтату үшін оның туған күнін телефондағы байланыс тізімінен алып тастау жеткілікті.

Әзірге бұл қызмет түрі әзірленіп жатыр. Жаңа функция WhatsApp-тың алдағы жаңартуларының бірінде кезең-кезеңімен іске қосылады деп жоспарланған.

Көп оқылғандар