Сурет: Egemen Qazaqstan
Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл ауыр шешім болды. Оның салмағы әлі де жанымды ауыртады. Бірақ мен уақыты келгенін түсінемін», – деп жазды футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
39 жастағы Месси – тарихта «Алтын допты» сегіз рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ол Аргентина құрамасымен 2022 жылы әлем чемпионы атанып, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогын жеңіп алды. Месси ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соғып, Аргентина тарихындағы ең нәтижелі ойыншы және ең көп матч өткізген футболшы атанды.
Мессидің ұлттық құрамадағы соңғы ойыны 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында өтті. Аргентина Испаниядан қосымша уақытта жеңіліп, әлем чемпионы атағын қорғай алмады.
