Спорт

Волейбол: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында алғашқы жеңісін тойлады

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстанның әйелдер волейбол құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Австралияны 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл — турнирдегі алғашқы жеңіс. Алғашқы ойында қазақстандықтар Индонезиядан 0:3 есебімен ұтылған еді.

Келесі кездесуде Қазақстан құрамасы 25 тамызда Таиландпен ойнайды.

Көп оқылғандар