Спорт

Владислав Саможонов U19 әлем чемпионатында күміс жүлде алды

Сурет: ашық дереккөзден

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымы өткізген U19 әлем чемпионатының финалында қазақстандық Владислав Саможонов +90 келі салмақта Өзбекстан спортшысы Ислам Салиховпен кездесіп, 1:4 есебімен жеңіліп, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Саможонов финалға дейін үш кезеңнен өтті: 1/8 финалда Түркия өкілі Хакан Дениз Коскунды үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді, 1/4 финалда Германиядан Олувейоми Ремелді 5:0 есебімен ұтты, ал 1/2 финалда Әзербайжан спортшысы Сафдар Маммадзаданы да 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Владислав Саможонов 2026 жылы Таиландта өткен Futures Cup және U19 Азия чемпионатында топ жарған.

Осы додада Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді Зарина Толыбай салды. Алина Құдайгенова мен Бибарыс Әшірбай күміс жүлдегер атанса, Еркетаң Жарқынбек қола медальға қол жеткізді. Осылайша, бокстан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатынан бір алтын, үш күміс және бір қола медаль еншіледі.

Көп оқылғандар