Сурет: «Жеңіс» ФК
Астаналық «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері қызметіне 43 жастағы босниялық маман Владимир Слишкович тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Слишкович бапкерлік мансабын босниялық «Зриньски» клубында бастаған. Кейін Мәскеудің «Спартак» және «Оренбург» командаларында жұмыс істеген. «Спартакты» басқарған кезінде Ресей Премьер-лигасында ешқашан ұтылмай, айдың үздік бапкері атанған.
Слишковичтің Қытай мен Сауд Арабиясының клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговинаның жастар құрамасында жұмыс тәжірибесі бар. Оның жаңа командасы Қазақстан Премьер-лигасының 20 турында 23 ұпай жинап, турнир кестесінде сегізінші орында тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін нидерландтық маман Джон ван ’т Схип Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалған болатын.
Мазмұнға өту
