Сурет: ТСМ
Аичи-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында бокстан әйелдер арасында 60 келі салмақта 1/8 финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Виктория Графеева 1/8 финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юйтинмен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, екі боксшы маусым айында ғана Қытайда өткен әлем кубогының финалында жолыққан еді. Ол кездесуде отандасымыз жеңіске жеткен болатын.
Азия ойындары: 26 қыркүйекте жарыс жолына шығатын спортшылардың кестесі
