Categories Спорт

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Виктория Графеева әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Ол Назым Қызайбайдың жеңісті жолын жалғастырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келі салмақтағы Виктория Графеева финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпейлік Лин Юй-Тинмен кездесті. Алғашқы раунд қарсыластың пайдасына шешілгенімен, отандасымыз соңғы секундқа дейін жеңіс үшін күресіп, 3:2 есебімен басым түсті.

Отандасымыздың жарыстағы жолы: 1/2 финалда Ситора Турдибекованы (Өзбекстан) 4:1, 1/4 финалда Иеонжи Охты (Оңтүстік Корея) 5:0 есебімен жеңді.

Ұқсас жазбалар

ӘЧ-2026: Жапония Тунисті ірі есеппен ұтты

Футболдан Жапония ерлер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Тунисті 4:1 есебімен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем Кубогының чемпионы атанды

Бокстан әлем Кубогының екінші кезеңінде Абылайхан Жүсіпов чемпион атанды. 70 келі салмақта сынға түскен боксшымыз…

Футболдан ӘЧ-2026: Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының F тобында Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңді.