Сурет: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатында Виктория Ан екінші алтын жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 100 метрге жүгіруде мәреге бірінші жетіп, чемпион атанды. Виктория Ан қашықтықты 11,85 секундта жүгіріп, осы маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті.
Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова 11,92 секунд нәтижемен иеленсе, үздік үштікті Түрікменстан спортшысы Валентина Мередова 12,09 секунд көрсеткішпен түйіндеді.
Бір күн бұрын Виктория Ан 200 метрге жүгіруде де топ жарып, алтын жүлдені жеңіп алған болатын. Ол бұл қашықтықты 24,05 секундта жүгіріп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Осылайша, Виктория Ан III Орталық Азия чемпионатында 100 және 200 метр қашықтықтарда жеңіске жетіп, жарыстың екі дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар 200 метрдегі 24,05 секундтық нәтиже Виктория Анға Жапонияда өтетін XX Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік береді.
Елімізден Орталық Азия чемпионатына 45 атлет (24 ер, 21 әйел) биіктікке секіру, үш қарғып секіру, қысқа қашықтықтарға жүгіруден жарыстарға қатысып жатыр.
