Спорт

Виктор Друзин жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан құрамасының мүшесі Виктор Друзин Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз ерлер арасындағы техникалық соло бағдарламасында өнер көрсетіп, 238,5317 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл бағдарлама бойынша нәтижелер: Захар Трофимов (Ресей) 241,2409 ұпаймен бірінші, Энеко Санчес Агилар (Испания) 240,5016 ұпаймен екінші, ал Виктор Друзин (Қазақстан) 238,5317 ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Көп оқылғандар