Categories Спорт

Виктор Друзин Канададағы суперфиналда екінші жүлдесін жеңіп алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем кубогының суперфиналы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ерлер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан командасының спортшысы Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды. Бұл оның осы жарыстағы екінші жүлдесі. Виктор кеше техникалық бағдарламада 3-орын алған.

Еркін бағдарлама жүлдегерлері: 1. Ранджуо Томблин (Ұлыбритания) 255.9600 балл, 2. Виктор Друзин (Қазақстан) 248.5525 балл, 3. Филиппо Пелати (Италия) 246.2639 балл.

Виктор Друзин осы жарыстың суперфиналында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, осы маусымның шешуші жарысына 22 елден іріктелген 156 спортшы қатысып жатыр. Еліміздің намысын 14 отандасымыз қорғайды. Жарыс 21 маусымда аяқталады.

Ұқсас жазбалар

Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев…

Германия Е тобында көш бастады: Эквадор мен Кюрасао тең ойнады

Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Кюрасао құрамасымен тең…

Санжар Ташкенбай әлем кубогында алтын алды

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай әлем кубогында жеңіске жетіп, 50 келі салмақ дәрежесінде алтын алды.