Спорт

VI ДКО: Биғали Зкрияев мангаладан чемпион атанды

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында мангала жарысының ерлер арасындағы командалық сынында Биғали Зкрияев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мангала бойынша қорытынды нәтижелер 6 қыркүйекте жарияланады. Бұл сайысқа 48 елден 105 спортшы тіркелген, оның ішінде 56 ер адам мен 49 әйел жекелей және командалық сында бақ сынауда.

Әйелдер арасындағы мангала сайысына Астана қаласының спортшылары Гүлнәр Базаралиева мен Құндыз Есіркеп те қатысуда.

Әзірге VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 58 медаль жеңіп алды. Бүгінгі жарыс күнінде ел спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді, бұл жалпы есепте 26 алтын, 14 күміс, 18 қола медальді құрайды.

Ертең спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша сынға түседі.

Көп оқылғандар