Сурет: Туризм және спорт министрлігі
VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Аружан Ықсан жамбы атудың «мажар» стилінен күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Мажар» стилі – садақшы ат үстінде шауып келе жатып, нысанаға дәл тигізетін дәстүрлі ат үстіндегі садақ ату түрі. Бұл сайыста спортшының ат үстіндегі шеберлігі, жылдамдығы мен мергендігі қатар сыналады.
Осы жарыста асықшылар ордо ойынынан үшінші орынға ие болып, қола жүлдегер атанды. Бұл ойында бірінші орынды Қырғызстан, екінші орынды АҚШ өкілдері иеленді.
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарындағы ең тартысты ойын ертең, 6 қыркүйекте өтеді. Ертең көкпардан Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстан командасымен күш сынасады.
