Сурет: Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Үкімет ветеринария саласын жаңғыртудың кешенді жоспарын бекітті. Бұл шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 ақпандағы кеңейтілген отырыста берген тапсырмасы аясында қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоспарда мал дәрігерлігі қызметін цифрландыру, кадр тапшылығын жою және зертханалық инфрақұрылымды жаңарту көзделген.
«Ветеринария – азық-түлік қауіпсіздігі мен мал шаруашылығының тірегі. Сондықтан біз бұл саланы жүйелі түрде дамытуымыз керек», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.
Аймақтарда ветеринариялық пункттердің жұмысын жақсартуға да басымдық берілмек. Әсіресе шалғай ауылдардағы мал иелеріне қызмет көрсету сапасын арттыру жоспарланған.

