Categories Көңіл ашар

Ұшақта домбыра алып жүруге рұқсат: Көлік министрлігі жаңа ереже бекітті

Енді ұшақ салонында домбыраны алып жүруге заңды түрде рұқсат етілді. Көлік министрлігі әуе тасымалы қағидаларына өзгеріс енгізіп, ұлттық аспапты қол жүгі ретінде тасымалдауға жол ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұрын домбыраны ұшаққа тек багаж ретінде өткізетін. Енді оны салонға алып кіруге болады. Министрліктің бұйрығымен «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына» тиісті түзетулер енгізілді.

Ведомство мәліметінше, жаңа ереже домбыраны қорғауға арналған арнайы қаптамада болса, салонға алып кіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ аспаптың көлемі қол жүгіне қойылатын талаптарға сай болуы керек.

«Бұл шешім ұлттық мәдениетті қолдау мақсатында қабылданды. Енді домбырашылар өз аспаптарын қасынан тастамай, әуе сапарларына шыға алады», — деді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Өзгерістердің нақты күшіне енетін күні әлі жарияланған жоқ. Министрлік алдағы уақытта толық түсіндірме жасайтынын айтты.

Ұқсас жазбалар

Астанада Бірлік күніне арналған іс-шаралар: фестиваль, концерт, жәрмеңке

Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай фестивальдер, концерттер, жәрмеңкелер өтеді.

Қазақстан жағажай Азия ойындарында 8 медаль жеңіп алды: біреуі алтын

Қазақстан құрамасы жағажайдағы Азия ойындарын 8 медальмен аяқтады. Оның біреуі – алтын жүлде.

Euronews академиясы Астанада журналистерге шеберлік сабағын өткізді

Астанада Euronews Academy, MDQ қоры және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы аяқталды.