Сурет: US Open Tennis
US Open турнирінің ресми аккаунты 2026 жылғы жарыс қарсаңында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың жаттығу видеосын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Соңғы екі жарыстың чемпионы оралды!» — делінген турнир ұйымдастырушыларының жазбасында.
Соболенко соңғы ресми кездесуін Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде өткізді. Беларусь теннисшісі төртінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, чех Сара Бейлектен 6:7 (7:9), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Бейлек үшін бұл мансабындағы алғашқы топ-10 ойыншысын жеңуі болды.
Айта кетейік, әлемдік рейтингте Соболенконы қуып келе жатқан қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннатиде жарақат алып, жарыстан шығып қалған еді. Оның US Open-ге қатысуы әзірге белгісіз.
Соболенко US Open-тің соңғы екі турнирінде де жеңіске жеткен. 2025 жылғы финалда ол америкалық Аманда Анисимованы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен ұтып, чемпиондық атағын қорғады.
2026 жылғы US Open-те Соболенко Нью-Йоркте қатарынан үшінші рет чемпион атануға талпынады.
Мазмұнға өту
