Спорт

US Open-2026: Қазақстан атынан жалғыз Рыбакина қалды

Сурет: ашық дереккөзден

US Open-2026 жекелей сынында Қазақстанның намысын қорғап жүрген жалғыз ойыншы — Елена Рыбакина. WTA рейтингінде екінші сатыда тұрған қазақстандық теннисші жарысты жалғастыруда. Үшінші айналымда ол әлемдік рейтингте 58-орындағы украиналық Юлия Стародубцевамен ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Юлия Путинцева екінші айналымда мәреге жете алмады. Ерлер арасында Александр Бублик үшінші айналымнан әрі өте алмады, ал Александр Шевченко бірінші кезеңде-ақ жарыстан қол үзді. Тимофей Скатов іріктеудің екінші раундында сүрініп, негізгі кезеңге жолдама ала алмады.

Рыбакина екінші айналымда испаниялық Джессика Бузас Манейроны 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, келесі кезеңге сенімді жолдама алды.

Көп оқылғандар