Ұлттық домбыра күніне орай өнер иелеріне домбыра табысталды  

Бүгін Елорда күні мен Ұлттық домбыра күніне орай “Атамекен” өнер ордасында салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Қос мерекені ұштастырған жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, айтулы күндермен құттықтады.

– Биыл бұл қос мереке қатар келіп отыр. Бұл – жай сәйкестік емес, тамыры тереңге бойлаған тарихымыз бен жарқын болашағымыздың сабақтастығын білдіретін ерекше сәт, – деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Мерекелік шара аясында Батыс Қазақстан өнері мен мәдениетінің алтын арқауына айналған кәсіби өнер ұжымы – Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның 58-ші концерттік маусымының жабылуы өтті.

Өңір басшысы ұлттық өнерімізді насихаттап, төл мәдениетімізді ұлықтап жүрген өнер иелеріне алғысын білдіріп, филармонияның кәсіби екі ұжымы — Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі мен Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің домбырашыларына қасиетті домбыраны салтанатты түрде табыс етті.

Кеш соңында облыстық филармонияның дәстүрлі концерті ұсынылып, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…