Қаржы

Ұлттық банк 7 қыркүйекке арналған валюта бағамын жариялады

Сурет: istockphoto.com

Ұлттық банк 7 қыркүйекке арналған шетел валютасының ресми бағамын белгіледі. Доллар 456,56 теңге, еуро 530,52 теңге, ал Ресей рублі 5,28 теңге болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Астанада доллар 453 теңгеден сатып алынып, 460 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 525-535,01 теңге аралығында қалыптасқан. Ресей рублін 5 теңгеден сатып алып, 5,27 теңгеден сатуға болады.

Алматыда доллардың сатып алу бағамы 455,58 теңге, ал сату бағамы 457,90 теңге. Еуро 528,13 теңгеден сатып алынып, 532,54 теңгеден сатылуда. Рубль бағамы 5,15-5,27 теңге аралығында.

Айта кетейік, 6 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 456,56 теңгені құраған.

Көп оқылғандар