Сурет: ҚР жоғарғы соты
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жедел медициналық көмек фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты іс бойынша сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысының басында мемлекеттік айыптаушы Н.Әбуов қосымша куәлар – фельдшер А.Сыздықова мен Астана қаласы ТЖД қызметкері А.Кемпіровтан жауап алу туралы өтініш білдірді. Бұл адамдардан бұрын сотқа дейінгі тергеу кезінде жауап алынбаған еді.
Сот бұл өтінішті қанағаттандырып, аталған куәлардан сот отырысында жауап алды.
Сонымен қатар, сотта ТЖД кезекші бөлімінің бастығы Р.Даиров, тұрғын үй кондоминиумының бұрынғы сенім білдірілген адамдары Г.Ахметова мен Г.Ақшалова, сондай-ақ маман ретінде К.Медетова сұралды.
Сот процесінің соңында үй тұрғыны Т.Горбулядан жауап алынды.
Куәлардан жауап алуды жалғастыру үшін сот отырысы 2026 жылдың 2 қыркүйегіне сағат 10.00-ге қалдырылды.
