Categories Спорт

Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирі басталады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ертең Ұланбатырда дзюдодан Grand Slam турнирінің алғашқы күні өтеді. Бұл жарыс балуандарға Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама беретін алғашқы лицензиялық сын болмақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Моңғолия астанасынан бастау алған іріктеу кезеңі 2028 жылдың 12 маусымына дейін жалғасады. Ерлер арасында Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин (60 кг), Нұрқанат Серікбаев, Ақжігіт Насыр (66 кг), Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов (81 кг), Нұржан Бисенов, Айбол Нысаналы (90 кг) және Марат Байқамұров (100 кг) сынға түседі.

Әйелдер бәсекесінде Ғалия Тыңбаева, Диана Бүркеева (48 кг), Аружан Ережепова (52 кг), Дана Әбдірова, Дина Мұханбет (57 кг), Самалай Ерғалиева, Дәмелі Асылханова (63 кг), Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова (+78 кг) өнер көрсетеді.

Ұқсас жазбалар

Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге өтті

Мексика Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында Қатар командасын 6:0 есебімен…

Файзуллаев әлем чемпионатында алғашқы голын соқты

Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Колумбияға 1:3 есебімен есе жіберді. Аббосбек Файзуллаев өзінің алғашқы…