Categories Саясат

Үздік әскери түлектерге «аға лейтенант» атағы беріледі

Қазақстан әскери оқу орындарын үздік бітірген курсанттар енді «аға лейтенант» атағын алады. Бұл өзгеріс шетелдік әскери ЖОО түлектеріне де қатысты.

Жаңа ереже бойынша, дипломдары «үздік» деген бағаға ие болған түлектерге кәдімгі лейтенант емес, аға лейтенант шені беріледі. Бұл – болашақ офицерлерді ынталандырудың бір жолы, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл шешім әскери білім сапасын арттыруға және үздік кадрларды әскерге тартуға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

С.Егізбаев: Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау үш жылда 11 есеге артты

«Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары С.Егізбаев партияның кезектен тыс XXVI съезінде ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер…

Дәулет Рахымбек: Ауылдан кету емес, ауылға оралу – басты мақсат

«Ауыл» партиясының съезінде «Auyl Jastary» төрағасы Дәулет Рахымбек жастарды қолдау бастамаларын таныстырып, ауылға оралудың маңызын…

«Ауыл» партиясы құрылтайға 69 кандидаттың тізімін бекітті

«Ауыл» партиясының XXVI кезектен тыс съезінде құрылтайға ұсынылатын кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезге 150 делегат…