Сурет: ҰОК
Қазақстан құрамасының үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен WTT Youth Contender халықаралық жарысында топ жарды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Финалдық кездесуде Жәния үндістандық Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен ұтты. Ол 13 жасқа дейінгі (U13) сыныпта алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін осы жас тобында сынға түскен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жеткен еді.
Айта кетейік, 2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Ұйымдастырушылар бұл дода Қазақстандағы ең ірі халықаралық спорттық шаралардың бірі болатынын атап өтті.
Мазмұнға өту
